paylate
 Поиск тура
 Запрос на расчет
: : Турция : : Анталия : : Отели : : Grand Gulluk Hotel : : Отзыв 4041124 : : Туры

Отзыв на отель Grand Gulluk Hotel Анталия


Отзыв написал 23.01.2025.

Оценка: 3 из 5.

Біз Қазақстаннан келдік Жалпы отельдің орналасқан жері жақсы. Теңіз жағасына 10мин жер жаяу жүресіз. Жағалаудың бойында тралейбус журеді бағасы 25лир (300теңге) арзан екен. Сол тралейбуспен парк Адриана, пляж Конялты, Аквапарк, тб көрсеңіздер болады. Сонымен қатар трамвай жүреді екен. Тоже 300теңге 25лир. (Бир адамға) Ал отельге келсек Бөлмеден қатты темекінің иісі шығып тұрды. Бірақ жанындағы дүкеннен ароматизатор алдық бөлмеге. Соны қойып қойдық. Иіс біршама басылды. Аса тазалық жоқ. Жалпы отелдің іші қараңғы екен. Шәй, кофе 24/7 бірақ астында. Бөлмеде шәй тефаль жоқ. Күнде таңертең бөлмеден тамақтың иісі шығады. Әсіресе макарон қуырмаштың иісі. Хотя біз 4ші этажда тұрдық. 😃🤭 Соған қарағанда вентиляция кухнямен бір сияқты. Біз бұл жерде тек таңғы ас іштік тамақтары аса ұнамады. Каша мүлдем жоқ. Күнде жұмыртқамен сосиска жедік. Көкөніс жеткілікті, жеміс жидек аз-маз бар. Вай фай тек бөлмеде ұстайды екен. Ал төменгі этажда ұстамайды. Хамамға бармадым. Жолдасым барды. Себебі еркек әйел хамамға бірге түседі екен 😃 бізге ерсі нерсе екен. Жәй қонып кетуге болады 1-2кунге. Ал апталап демалатын жер емес екен. Персоналдар өте жақсы.
Тазалықты күшейту керек.

   





Справочно-информационный сайт Позитив Тревел не является ни рекламой, ни офертой